Қылмыс
1 мин оқу 120

11 қылмыскерге қатысты үкім жарияланды

<p style="text-align: justify;">Сот үкімімен қорқытып алу, бұза&shy;қылық жасау және жәбірленушіні өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізгені үшін Бурабай ауданының 11 тұрғыны кінәлі деп танылды.</p>

11 қылмыскерге қатысты үкім жарияланды

Бурабай ауданында сотталушылар ұзақ уақыт бойы күш қолданумен қорқытып, 12 адамнан 130-500 мың теңгеге дейін (жалпы сомасы 1 140 000 теңге) ақша бопсалаған. Сонымен қатар екі сотталушы – жәбірленушіні өзін-өзі өлтіруіне жеткізген.

Жасалған әрекеттеріне байланысты, сот жеті сотталушыны 4 жылдан 5 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айырып, үшеуінің 4 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығын шектеді. Кәмелетке толмаған біреуі жәбірленушілермен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Жаза тағайындауда сот сотталушылардың жас баласы болуын, кінәсін мойындауын және шын жүректен өкін­генін, бұрын соттылығының бол­мағанын ескер­ді. Сотталушыларда ауырлататын мән-жайлар анықталмады.

Сотталғандардан жәбірленушілердің пайдасына жалпы сомасы 3 млн теңгеге моральдық зиян және жалпы сомасы 1 140 000 теңгеге келтірілген мате­риалдық залал өндірілді. Сонымен қатар сот бас­ты сот талқылауы барысында тәртіпті бұзғаны үшін по­лиция департаментінің атына және аудан әкімі­нің атына жастарды жұмыспен қамту бөлігінде жұ­мыс­ты күшейтуге назар аудара отырып, жекеше қаулы­лар шығарды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Ақмола облысы,

Бурабай ауданы 

Бөлісу:
11 қылмыскерге қатысты үкім жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар