Қоғам
1 мин оқу 170

Disney қазақша сөйледі

<p style="text-align: justify;">Әйгілі Disney мен Pixar компаниялары &laquo;Ойжұмбақ 2&raquo;, Disney студиясы &laquo;Моана 2&raquo;, &laquo;Муфаса: Арыстан патша&raquo; анимациялық фильмдерін өз қаражатына қазақ тіліне аударды.</p>

Disney қазақша сөйледі

Disney жыл сайын әр фильмнің түрлі тілдердегі 30-ға жу­ық нұсқасын дайын­дайды. Қазақ тілінің осын­дай ірі тіл­дер қатарына қосылуы – ай­тарлықтай оқиға. Ха­лық­ара­лық «Қазақ тілі» қо­ғамы атал­ған фильмдерді қазақ ті­ліне аудару бастамасын қол­дады.

Сонымен, «Ойжұмбақ 2» анимациялық фильмі 13 маусымнан, «Моана 2», «Муфаса: Арыстан патша» фильмдері қа­раша айынан бастап елі­міздегі барлық кинотеатрларында көрсетіле бастайды.

Ал Алматыда 11 маусым күні сағат 18.30-да Mega ойын-сауық орталығында Disney және Pixar студияларының «Ойжұмбақ 2» анима­ция­лық фильмінің қазақ тілін­дегі көрсетілімі өтеді.

Бөлісу:
Disney қазақша сөйледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар