Университет
1 мин оқу 130

ЕҰУ Қазақстанның үздік үш университетінің қатарында

<p style="text-align: justify;">&laquo;QS World University Rankings 2025&raquo; халықаралық рейтин-гінде ЖОО қызметінің кезекті нәтижелері жарияланды. Биыл ЕҰУ 34 позицияға жоғарылап, әлемнің 1503 жоғары оқу орнының арасында 321 қатарға көтерілді.</p>

ЕҰУ Қазақстанның үздік үш университетінің қатарында

Талданған нәтижелер бо­йын­ша «Студенттердің педа­гогикалық ұжымға қатынасы» критерийі ЕҰУ-дың дәстүрлі үздік көрсеткішіне айналды. 2024 жылы университет бұл көрсеткіш бойынша 92,6 балл жинап, еліміздегі орташа 49,6 балдан 43 балға асып түсті.

Көрсеткіштер келесі бағыт­тарда да жақсарды: жұмыс бе­ру­шілер арасындағы бедел, ака­де­миялық беделділік, шетелдік оқы­тушылар саны, тұрақты даму.

Дәйексөздер мен Халықаралық ғылыми ынтымақ­­­тастық индексіндегі бұрынғы ұста­ным­дарды сақтай отырып, ЕҰУ ғы­лым саласындағы тұрақты және тиімді ха­лық­аралық ын­тымақ­тас­тық­ты көр­­сетеді, сонымен қатар кең мағынада бір­лескен зерт­теу­лердің маңыз­дылығын мойын­дайды.

Айта кету керек, бұл рейтингте ұсынылған отандық жоғары оқу орындарының саны биыл өзгерген жоқ және ол 21 университетті құ­райды.

Бөлісу: