Аймақтар
1 мин оқу 180

БҚО-да 45 млн теңгенің жері мемлекетке қайтарылды

<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облысында прокуратура шаруа қожалықтарының нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> қадағалау органының сайтына сілтеме жасап.</p>

БҚО-да 45 млн теңгенің жері мемлекетке қайтарылды

«Талдау нәтижесінде аудан прокуратурасы шаруа қожалықтарына тиесілі нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлерін анықтап, прокуратура актілеріне сәйкес аталған жер телімдері мемлекетке қайтарылды, жалпы кадастрлық құны 45 млн теңгеден астам қаржыны құрады», деп хабарлады қадағалау органы.

Осыған байланысты прокуратура жер учаскелерін мақсаты бойынша және қолданыстағы заңнамаға сәйкес пайдалану қажеттігін еске салады.

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті

Бөлісу: