Отбасы
2 мин оқу 180

Астанада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінімдер қабылданып жатыр

<p class="selectable-text copyable-text x15bjb6t x1n2onr6" dir="ltr" style="text-align: justify;"><span class="selectable-text copyable-text">Елордада &laquo;Мерейлі отбасы&raquo; ұлттық байқауының қалалық турына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау жалғасып жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</span></p>

Астанада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінімдер қабылданып жатыр

Ұлттық байқаудың негізгі мақсаттары – отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, некенің маңыздылығын мойындау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарға қамқорлығын насихаттау.

Байқауға қатысу үшін төменде көрсетілген құжаттар талап етіледі:

  1. Ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
  2. Асырап алушы (қамқоршы) отбасылар үшін — кәмелетке толмаған балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы Жергілікті уәкілетті органның шешімінен үзінді көшірменің көшірмесі;
  3. Неке қию туралы куәліктің көшірмелері;
  4. Ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда қайтыс болу туралы куәліктің көшірмелері;
  5. Балаларды тәрбиелегені үшін көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін көтермелеулердің бар екендігін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
  6. Заңды және (немесе) жеке тұлғалардан ұсыным хаттар (екіден кем емес);
  7. Отбасы мүшелерінің еңбек, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері;
  8. Қоғамдық пайдалы қызметке қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік);
  9. Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру.

Өтінімдер 15 маусымға дейін электрондық поштаға қабылданады: mereyli.otbasy2024@mail.ru (pdf форматында).

Бөлісу:
Астанада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінімдер қабылданып жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар