Құтқарушы
1 мин оқу 131

Павлодарда үш жасар егіздер құтқарылды

<p style="text-align: justify;">Павлодар қаласында жабық пәтерде қалып қойған бүлдіршіндер құтқарылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Павлодарда үш жасар егіздер құтқарылды

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, көпқабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде үш жасар егіздер ата-анасының қарауынсыз қалып қойған. Олар қалған темір кіреберіс есігін жауып алып, өз бетінше аша алмаған.

Құтқарушылар үш иінді баспалдақ арқылы пәтерге терезеден кірген. Кейіннен балалар ата-аналарына тапсырылды. Медициналық көмек қажет болмаған.

ТЖМ балаларды қараусыз қалдырмауды ескертті.

Бөлісу:
Павлодарда үш жасар егіздер құтқарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар