Әлем
1 мин оқу 141

Бельгияның премьер-министрі отставкаға кетті

<p style="text-align: justify;">Бельгияның федералды парламентіне сайлау кезінде Flemish Open Vld партиясы аз дауыс жинады. Осыған байланысты партияның жетекшісі, қазіргі премьер-министр Александр Де Кро отставкаға кету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бельгияның премьер-министрі отставкаға кетті

Кеше Бельгияда Еуропарламент пен федералды және аймақтық деңгейдегі өкілді органдардың сайлауы өтті.

Фламандық бөлік бойынша сайлауда Барта Де Вевераның «N-VA» (Жаңа Фламандтық альянсы) ұлтшыл партиясы жеңіске жетті.

«N-VA» жарғысы баптарының бірі тәуелсіз Фландрияны құруды мақсат етеді. Көші-қонға қарсы әсіре оңшыл партия Vlaams Belang N-VA-дан сәл артта қалды, бірақ болжамдарға қарамастан, Фландриядағы ұлтшылдарды қуып жете алмай келеді.

Премьер-министр А.Кроның либералды Open VLD партиясы Бельгияның солтүстігінде жеңіліп қалды (сайлау нәтижесі 10%-дан төмен болды).

Валлонияда жергілікті социалистердің тасы өрге домалап келеді. Ал Брюссельде французтілді либералды «MR» партиясы жеңіске жетті.

Александр Де Кро сайлау жеңімпаздары N-VА, «Флаамс Беланга» және Бельгиядағы французтілді «MR» партияларының жақтастарын құттықтады.

Бөлісу: