Елорда
1 мин оқу 230
Құрбан айт күні елорда тұрғындары автобуста тегін қатынайды
<p style="text-align: justify;">Астанада Құрбан айт мерекесіне орай қоғамдық көлікте жүру тегін болады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> CTS-ке сілтеме жасап.</p>

16 маусым күні Қазақстан халқы Құрбан айт мерекесін тойлайды. Әкімдіктің шешіміне байланысты елордада қоғамдық көлікте жүру тегін болады. Қоғамдық көлік сағат 6:00-де қатынай бастайды.
«15 маусымнан 16 маусымға қараған түні №201, 202, 203 түнгі маршруттарда да жол жүру тегін болады. Avtobys мобильді қосымшасы арқылы түнгі маршруттардың қозғалысын бақылай аласыз», делінген хабарламада.
Бөлісу: