Астанада Қабанбай батыр даңғылы уақытша жабылады
<p style="text-align: justify;">Астанадағы Қабанбай батыр даңғылының учаскесі 11 маусым сағат 06:00-ден 14 маусым сағат 06:00-ге дейін жөндеуге жабылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Қабанбай батыр даңғылы бойынша Хусейн Бен Талал көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

Қабанбай батыр/Хусейн бен Талал және Қабанбай батыр/Ұлы Дала қиылыстары ашық болады.
«Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», делінген хабарламада.