Аймақтар
1 мин оқу 140

Атырауда ер адамдардың жанжалы қайғылы оқиғамен аяқталды

<p style="text-align: justify;">Атырау облыстық полиция департаменті екі ер адам арасындағы жанжалдың соңы кісі өлімімен аяқталғанын хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда ер адамдардың жанжалы қайғылы оқиғамен аяқталды

Жанжалдың барысы жақын маңдағы ғимараттың бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 

Желіде тараған видеодан ер адам екіншісін жұдырықтап ұрып жатқанын көруге болады. 

Зардап шегуші ауыр соққы салдарынан ауруханада көз жұмды. 

Полиция оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», делінген Атырау облыстық полиция департаментінің хабараламасында.

Бөлісу:
Атырауда ер адамдардың жанжалы қайғылы оқиғамен аяқталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар