Ғылым
1 мин оқу 80

Журналдың биік беделі

<p style="text-align: justify;">&laquo;Eurasian Journal of Physics and Functional Materials&raquo; атты отандық ғылыми журнал алғаш рет Орталық Азия мен ТМД көле&shy;мінде &laquo;Digital Commons Elsevier&raquo; плат&shy;формасын&shy;да шыға бастады. &laquo;Else&shy;vier&raquo; &ndash; әлем&shy;дегі ең ірі ғылыми баспа&shy;лар&shy;дың бірі. Онда дүниежүзіндегі ғылыми жу&shy;р&shy;нал&shy;&shy;&shy;дардың барлық мақаласының төрт&shy;&shy;&shy;&shy;тен бірі басылады.</p>

Журналдың биік беделі

Аталған журнал Л.Н. Гумилев атындағы Еура­зия ұлттық университетінде 2017 жылдан бері ағылшын тілінде жарық көреді. Ғылыми басы­лымның барлық мақаласы «Scopus» халықаралық ғылыми деректер базасына енгізілген.

Журналда ядролық физика, жоғары энергия физи­касы, баламалы және сутегі энергетикасы секілді түрлі саладағы ғылыми зерттеулердің нәти­желері туралы материалдар қамтылған.

Басылымның халықаралық редакция алқасы­ның құрамына Қазақстан, Ресей, АҚШ, Франция, Жапония, Финляндия, Швеция, Италия, Өзбекстан, Англия ғалымдары, сондай-ақ CERN және Бірік­кен ядролық зерттеулер институты сияқты әлемдік деңгейдегі ғылыми ұйымдар кіреді.

«Elsevier» компаниясы журналды база­ға қосу және электрондық нұсқасын шығару туралы ұсыныспен шықты. «Elsevier» платформасында «Eurasian Journal of Physics and Functional Materials» журналының жариялануы басылым­ның ғана емес, отандық ғылымның дамуына да жаңа мүмкіндік ашады. Бұл Еуразия ұлттық уни­верситетімен бірге елімізде жүргізіліп отырған ғылыми зерттеулер сапасының халықаралық дең­гейін мойындау», дейді журналдың бас редакторы, ЕҰУ «Еуразиялық физика-энергетикалық зерттеулер және жоғары технологиялар институты» ҒЗИ дирек­торы Қайрат Күтербеков.

Бөлісу:
Журналдың биік беделі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар