Университет
2 мин оқу 220

Түлектерге диплом табысталды

<p style="text-align: justify;">Биыл Nazarbayev University дипломын 1507 студент алды. Олардың 1038-і бакалавр, 408-і магистр, 42-і PhD және 19-ы медицина докторы. Айта кетейік, бітіруші түлектердің қатарында 54 шетелдік білім алушы да бар. Салтанатты диплом табыстау рәсіміне студенттер, университет басшылығы мен профессорлар, Парламент депутаттары, университеттің Қамқоршылық кеңес мүшелері қатысты.</p>

Түлектерге диплом табысталды

Биылғы түлектердің дені Жара­тылыстану, гуманитарлық және әлеу­меттік ғылымдар мектебінің (565 түлек), сондай-ақ Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебінің (582) студенттері. Ал Жоғары бизнес, Білім беру және Мемлекеттік саясат мектептерін 164 сту­дент, Медицина мектебін 139, Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мек­тебін 57 студент тәмамдады.

Салтанатты іс-шарада Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек үздік магистрлер мен докторларға диплом табыстап, түлектерге ақ жол тіледі: 

«NU – еліміздегі инновациялық зерттеулер мен жоғары білімге жетек­шілік етіп, сіздер сияқты талантты көшбасшыларды тәрбиелеп жатыр. Мен адалдығы мен еңбекқорлығы үшін университет оқытушылары мен басшылығына алғыс айтамын. Бұл білім ордасы – әлемдегі ең үздік 100-ге жуық жас университеттің бірі, сондай-ақ Азиядағы үздік жоғары оқу орындарының қатарында. Әрине, ол еліміздегі  зерттеу университеттерінің көшін бастап тұр»,  деді ол.

Сонымен қатар Парламент Мәжі­лісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Айма­ғамбетов жоғары оқу орнын бітірген 10 үздік студентке диплом табыстап, Nazarbayev University жетістіктеріне тоқталды.

«Университет миссиясы – мемле­кеттік саясат пен бизнесте, білім мен ғылымда өзгерістердің басында тұратын біліктілігі жоғары мамандар­ды даярлау. Бар-жоғы 14 жылдың ішінде NU жоғары білім саласында ха­лықаралық қауымдастықтың іші­нен өз орнын тауып, беделді «Times Higher Education» рейтингінде әлем бойын­ша үздік зерттеу университеттерінің ­30 пайызының, сондай-ақ Азияның үз­дік университеттерінің 11 пайы­зы­ның қатарына кірді. Студенттер мен түлектердің жеткен жетістіктері университеттің жаһандық жоғары білім саласындағы беделін нығайта түседі»,  деді ол.

Бөлісу:
Түлектерге диплом табысталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар