Ауа райы
1 мин оқу 290

Елімізде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер Қазақстанда 13, 14, 15 маусымда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Елімізде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. 13-15 маусымда шығыс пен орталықта, 14 маусымда елдің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында нөсер жауады деп күтіледі.

«Елдің батысында күндіз ауа температурасы +33...+40 градус ыстыққа дейін көтерілсе, елдің солтүстігінде, орталығында +20...+28-ден +25...+30 градусқа дейін, оңтүстікте +27...+35-тен +30...+40 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +22...+30-дан +25...+35 градусқа дейін, шығыста +22...+30-дан +20...+28 градусқа дейін шамалы төмендейді», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Елімізде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар