Президент BNK Financial Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
<p style="text-align: justify;">Қазақстан-Корея бизнес форумы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев BNK Financial Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Бин Дэ-Инмен кездесті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Мемлекет басшысы компанияның өз иелігіндегі BNK Finance Kazakhstan микроқаржы ұйымын толыққанды екінші деңгейлі банкке айналдыру ниетін құптады. Оның пікірінше, Оңтүстік Кореядағы жетекші банктің Қазақстанда қызмет етуі екі ел арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Сондай-ақ Президент компанияның микроқаржы ұйымын банкке айналдыру рәсімі аяқталған соң, корпоративтік несие беруге күш салуға шақырды. Сондай-ақ банк саласында озық IT-шешімдерді пайдаланудың маңыздылығына назар аударды.
BNK Financial Group Inc. – Оңтүстік Кореяның қаржылық тобы. Оның құрамына Busan Bank, Kyongnam Bank, BNK Capital және басқа да компаниялар кіреді. Компанияның активі – 129 миллиард доллар. Ал таза табысы – 504 миллион доллар. Қаржылық топ әлемдегі ең ірі компанияларды есепке алатын Forbes Global 2000 тізіміне енген.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті