Атырау-Ақтөбе тасжолында бір отбасының екі адамы көз жұмды
<p style="text-align: justify;">Атырау облысында екі көлік соқтығысып, салдарынан 2 адам қайтыс болды. Жол апатынан қайтыс болғандардың ерлі-зайыпты екені белгілі болды. Бұл туралы Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол көлік оқиғасы 12 маусым күні болған.
«Күндізгі сағат 14:50 шамасында Атырау-Ақтөбе тасжолының 454-шақырымы тұсында екі көлік соқтығысты. Жол апатына ұшыраған көліктің бірі – Kia Rio, екіншісі – DAF жүк көлігі. Жол-көлік оқиғасының салдарынан Kia Rio автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты», делінген хабарламада.
Жол апатына байланысты полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына байланысты тиісті іс құжаттарын жинақтауға кірісті.
«Мұндай жол-көлік оқиғасының басты себебі арнайы ережені сақтамаудан туындайды. Аталған жол-көлік оқиғасы туралы айтатын болсақ, Kia Rio автокөлігінің жүргізушісі соңғы 1 жыл ішінде 4 рет жылдамдықты асырып, жол ережесін бұзғаны анықталды. Осындай себепке байланысты көлік жүргізушілерінен жол ережесін қатаң сақтауды сұраймыз», делінген ПД мәліметінде.