Оқиға
1 мин оқу 100

Көкшетауда тұрғын үйден өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды

<p style="text-align: justify;">Көкшетауда көпқабатты үйдің 9-қабатынан өрт шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Көкшетауда тұрғын үйден өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды

«Көкшетау қаласындағы көпқабатты тұрғын үй пәтерлерінің бірінде жиһаздың өртенді. Өрт сөндірушілер 73 жастағы әйелді құтқарып, үйдің 25 тұрғынын эвакуациялады, оның ішінде 4 бала бар», деп хабарлады Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметі. 

Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында қызыл жалын 14 минут ішінде оқшауланып, 20 минут ішінде толық жойылды. Өрт сөндіру жұмыстары көшеден өрт сөндіру автосатысының көмегімен және кіреберістен жүргізілді.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бөлісу:
Көкшетауда тұрғын үйден өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар