Смайылов EXPO құрылысына жұмсалған қаражатқа тексеру жүргізеді
<p style="text-align: justify;">13 маусым күні Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов Сенатта өткен брифинг барысында Астанадағы EXPO көрмесінің құрылысына жұмсалған қаржат тексерілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Жалпы алғанда, Мемлекет басшысы өткен жылы палатаға екі қосымша функцияны жүктеді: активтерді басқару және жергілікті бюджеттерді игеру аудитін жүргізу, сондай-ақ басқа мемлекеттік аудит органдары жүргізетін аудиторлық іс-шараларды тексеру, қадағалау. Біз квазимемлекеттік сектор компанияларына егжей-тегжейлі аудит жүргіземіз. EXPO да квазимемлекеттік компания, сондықтан біз оны тексереміз», деді Әлихан Смайылов.
Сондай-ақ Әлихан Смайылов EXPO көрмесінің құрылысы жұмсалған қаражатты толығымен ақтамағанын жасырмады.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті