Аймақтар
1 мин оқу 141

Қауынның жаңа сорты көбейеді

<p style="text-align: justify;">Жақында Ташкент қала&shy;сын&shy;да &laquo;Көкөніс бақша дақылдары мен картопты іріктеу, тұқым шар&shy;уа&shy;&shy;&shy;&shy;шылығында және өнім өндіруде ресурстарды үнем&shy;дей&shy;тін және қар&shy;қынды технологияларды қолданудың ғылыми негіз&shy;дері мен келешегі&raquo; атты халық&shy;аралық ғылы&shy;ми-конференция өтті. Оған Қорқыт Ата атындағы Қызылорда уни&shy;вер&shy;ситетінің ғалымдары қатысты. Біздің ғалымдар онда аталған жоғары оқу орны мен &laquo;Өзбек көкөніс, бақша және картоп шаруашылығы&raquo; ғылыми зерттеу институтымен екіжақты меморандум аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.</p>

Қауынның жаңа сорты көбейеді

Конференцияда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда универ­си­тетінің Ботаникалық бағы мен жылыжай меңгерушісі, ауыл шаруа­шы­лығы ғылым­да­­рының кандидаты Самалбек Қосанов баян­дама жасады. Ғалым өз баян­дамасында еліміздегі қа­уын шаруа­шылығын дамыту мақ­са­тын­­да Әмудария мен Сырдария өзендері ара­лы­ғын­да­ғы өсетін қауын сорт­тарының құ­рамын талдады. Сондай-ақ осы сала­дағы өзекті мәселелер мен кли­маттық өзгерістер, қауынды қайта өңдеу­де сорттық ерек­ше­лік­теріне мән беру, ғалымдар мен диқандар арасындағы байланысты одан әрі дамыту жөніндегі ойларын орта­ға салды.

Қызылордалық ғалымдар өздері да­йын­даған бес түрлі қауын сортын сынақтан өткізуді өзбек ғалым­­да­рына берді. Ал олар­дың ерте, орташа, кеш пісетін қауын сорттарын Сыр бойында тәжіри­беден өткізеді. Бұдан бөлек, С.Қосанов үлкен ғылыми ізденістен кейін бә­секеге қабілетті, тасымалдауға төзімді, сақ­тауға жа­рамды, тәтті қауын­ның жаңа сорт­тарын шыға­ра­тынын жет­кізді.

Отандық ғалымдардың ғы­­лы­ми еңбектерін «Өзбек көк­өніс, бақ­ша және картоп шаруа­шы­лығы» ғылыми зерттеу инс­ти­ту­тының бас директоры, ауыл шаруашылығы ғылым­да­рының докторы, про­фессор Рустам Низомов жоғары баға­лады.

Алдағы тамызда Өзбекстан ғалымдары Қызылорда облысына келіп, қауын шаруашылығымен таныспақ.

Бөлісу:
Қауынның жаңа сорты көбейеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар