Демалыс күндері 42 градусқа дейін аптап ыстық болады
<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 15, 16 және 17 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Алдағы күндері республиканың барлық аумағында ауа райы тұрақсыз болады.
«Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста, республиканың орталығында бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте 15, 17 маусымда, орталықта 15 маусымда қатты жаңбыр жауады деп күтіледі», делінген ақпаратта.
Ал елдің батысында ауа температурасы +33+42°С дейін ысиды, оңтүстік-шығыста ауа температурасы +35+42°С дейін көтеріледі.
«Солтүстікте +26+34°С, орталықта +25+33°С, шығыста +21+31°С дейін ысиды», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.