Қоғам
2 мин оқу 321

Тұлғаларды танытқан тілші

<p style="text-align: justify;">Астана қаласының &laquo;Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы&raquo; мекемесінде Қазақстанның құрметті журналисі, &laquo;Құрмет&raquo; орденінің иегері Ғалия Балтабай&shy;дың &laquo;Тұлғалар &ndash; ғажап жандар&raquo; атты жаңа кітабы&shy;ның тұсаукесері өтті. Сал&shy;танатты іс-шараға елімізге белгілі зиялы қауым өкілдері <br />қатысты.</p>

Тұлғаларды танытқан тілші

Радио журналистика саласында ұзақ жыл қызмет еткен Ғалия Құсайынқызы көпшілікке «Әрбір үйге радио қажет», «Тығдыр­лар­ды біріктірген – Қазақстан», «Ұлтын ұлықтаған асыл ана», «Өмір шыңы» еңбектерімен таныс. Ал биыл жарыққа шыққан «Тұлғалар – ғажап жандар» кіта­бы – журналистикадағы ізде­ніс ізде­рінен туған мазмұнды туын­ды. Мұнда ұлт рухания­тына сүбелі үлес қосқан қайрат­кер азаматтардың кісілік кел­беті, дегдар болмысы хақында баян­да­лады. «Тұлғалық тұғыр­ға кімдер лайық?» деген сұра­ғы­мызға автор былай деп жауап берген еді:

«Тұлға деп өмірдің бар­лық қиындығы мен жақсылығын көр­­ген, ақ пен қараны ажы­рата алатын, өзінің әр іс-әре­кет­теріне жауап беретін, өзі жеке шешім қабылдайтын, алдына қой­ған мақ­саттарына жететін адам деп түсінемін. Тұлға басқа адамдарға ұқсамайды. Олардың өмір­ге деген көзқарасы ерекше. Ондай жандар көптің бірі емес. Оның дербес пікірі бар. Ол – бас­қаның жетегінде жүрмейді, ке­рі­сінше соңынан көпшілікті ерте білетін адам. Өйткені оның бо­йында көшбасшылық қасиет ­бар. Осындай жандар қа­зіргі қоғам­ға керек. Сол себепті ілге­рі­дегі және өзім көрген, мойын­да­ған тұлғалардың ғибратты ғұмы­рын қағазға түсіруді мақсат еттім»,
деді Ғ. Балтабай.

пр

Автор кітабында белгілі Иса Байзақов, Фариза Оңғарсыно­ва, «қазақтың Левитаны» атан­ған Әнуар­бек Байжанбаев сынды тұлғалардың өмірі мен шы­ғармашылығынан бастап көп­шілікке беймәлім алғашқы театр­ актрисасының бірі Шәрбану Байзақова, алғашқы қазақ журналист қыздарының бірі Ләзиза Серғазинаның тағылымды тағ­ды­рын сөз етеді.

Мазмұнды кеште мемлекет және қоғам қайраткері Рысты Жұмабекова, Алматы аудандық Ардагерлер ұйымының төрағасы Марат Мұстафин, ардагер-ұстаз Еркін Дәуешұлы, басқа да азаматтар ақжарма тілектерін айтып, кітап авторына зор денсаулық, шығармашылық табыс тіледі. 

Бөлісу:
Тұлғаларды танытқан тілші · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар