Білім
1 мин оқу 850

Шымкенттік түлек әлемнің 40 университетінен шақырту алды

<p>Шымкенттік Сунатулла Октамовқа бірнеше елдің жоғары оқу орындарынан грантқа ұсыныс түскен, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Шымкенттік түлек әлемнің 40 университетінен шақырту алды

Қарапайым қазақ мектебінің түлегі әлемнің 40 университетіне шақырту алды. Оның ішінде Америка, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік-Шығыс Азия ЖОО-лары бар. Ол Малайзияда оқуды таңдады.

- Маған кәсіптік бағдар беру бойынша профориентологтар мен мұғалімдер көмектесті. Мен 100 немесе одан да көп университетке құжат тапсырдым. Олардың 40-на шақырту алдым. Мен Малайзияда шамамен 4-5 жыл оқимын. Одан кейін Қазақстанға барып, кәсібімді дамытуды жоспарлап отырмын, – деді түлек Сунаулла Октамов.

17 жастағы Алексей Кимді де бірден әлемнің 8 үздік университеті шақырған. Ол халықаралық және республикалық олимпиадаларды жеңген, болашағын IT технологиялармен байланыстырып отыр.

- 11-сыныптың басында Нью-Йорк-те оқимын деп ойладым, себебі ол арман қала. Сонда құжат тапсырамын деп шештім. Қазір көріп отырғаныңыздай, бәрі ойдағыдай болды. Мен грант жеңіп алдым, – деді М.Х.Дулати атындағы №8 мамандандырылған гимназиясының оқушысы Алексей Ким.

Бөлісу: