Аймақтар
1 мин оқу 130
Қостанай облысында екі жасөспірім суға батып кетті
<p>Қайғылы жағдай Федоров ауданының Кенерал ауылында болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметінің алдын-ала мәліметінше, 2014 және 2015 жылы туған қыздар ересектердің қарауынсыз жабдықталмаған жерде шомылған.
«Құтқарушылар Үй өзенінен бір қыздың жансыз денесін шығарды. Екінші жасөспірімді іздестіру жұмыстары жалғасуда», – делінген хабарламада.
ТЖД азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Бөлісу: