Оқиға
1 мин оқу 173
Теміртауда үш жасар бала терезеден құлады
<p class="news-announce" style="text-align: justify;">Оқиға Теміртау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Үш жасар бала 5-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен. Өкінішке қарай, дәрігерлер сәбиді аман алып қала алмады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

«Патриот» Telegram-арнасының мәліметінше, отбасы мүшелері түскі ас кезінде бала ойнап жүрген бөлменің терезесін жабуды ұмытып кеткен.
«Теміртау орталық ауруханасының дәрігерлері бар күш-жігерін салды, алайда сәбиді аман алып қала алмады», делінген Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.
Бөлісу: