Қоғам
1 мин оқу 300

Орта білім: Аттестаттарды цифрландыру қашан аяқталатыны айтылды

<p style="text-align: justify;">Орта білім туралы аттестаттарды цифрландыру 2027 жылға дейін аяқталады. Білім беру саласын цифрландыру жұмысы белсенді түрде жалғасып жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Орта білім: Аттестаттарды цифрландыру қашан аяқталатыны айтылды

Биыл алғаш рет негізгі орта және жалпы орта білім туралы аттестаттар eGovMobile мобильді қосымшасы арқылы цифрлық форматта қолжетімді болды. 

2027 жылға дейін кезең-кезеңмен жүргізіледі:

  • 2024 жылы – осы жылдың түлектерінің аттестаттары;
  • 2025 жылы – 2010-2023 жылдардағы түлектердің аттестаттары;
  • 2026 жылы – 1991-2009 жылдардағы түлектердің аттестаттары;

Сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беру дипломдарын цифрландыру жалғастырылып жатыр: 

  • 2024 жылы – 2004-2023 жылдары берілген дипломдар;
  • 2025-2026 жылдары – 2004 жылға дейін берілген дипломдар цифрландырылады.

Бұл түлектер мен олардың отбасыларына қолайлы жағдай жасау және білім беру құжаттарына қолжетімділікті оңайлатуға бағытталған қадам.

Бөлісу: