Мектеп
2 мин оқу 203

Үздік ауыл мектебі

<p style="text-align: justify;">Аудандағы қарапайым ауыл мектебі республикадағы үздік он мектептің қатарынан табылды. 1997 жылы маңғыстаулық ғалым, филология ғылымының докторы Мекерия Атымовтың есімін иеленген мектеп 1992 жылы пайдалануға берілген. Осы жылдар ішінде жан-жақты даму жолын таңдап, еліміздің білімді ұл-қыздарын тәрбиелеу жолында тынымсыз ізденіс үстінде келеді. Біз әңгіме қылып отырған Маңғыстау ауданындағы М.Атымов атындағы №6 мектептің еліміздегі ең үздік ауыл мектептерінің тізіміне енуі де осы ізденістің, темірдей тәртіп пен тегеурінді талаптың нәтижесі.</p>

Үздік ауыл мектебі

Қазіргі таңда аталған мектеп қа­быр­ғасында 1-11 сыныптар бойынша 604 оқушыға 86 педагог білім береді. 3 мұ­ғалім магистр, 77 мұғалім жоғары білімді, 6 мұғалім-арнаулы орта білімді десек, оның ішінде 23 мұғалім педагог-зерттеуші, 18 оқытушы педагог-сарапшы, педагог-модератор санатында 19 мұғалім бар.

 – Мектебіміздің республика бойын­ша «Үздік ауыл мектебі» қатарына қо­сылуы біз үшін үлкен жетістік және өте қуа­нышты жаңалық. Мектебіміздің тарихында алғашқы рет осындай жетіс­тікке қол жеткіздік. Оқушыға сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісін жаңа талап тұрғысынан оңтайландырып, әрі қарай жұмыс істей береміз. Шәкірт жетістігі – ұстаз мерейі. Бұл жетістік біз­ге шабыт сыйлады. Әрі қарай еңбек ету­ге жігерлендірді. Мектебімізде әлі де талай дарынды оқушыларымыз бар. Солар­ға зор үміт артамыз, – деген М.Аты­мов атындағы №6 жалпы білім беретін ­мектеп директоры Айтбибі Ұлықма­нова мектептің айтарлықтай жетістікке ­же­туі­не бірден-бір себепші болып отыр­ған ұстаз деп әріптесі Алмажан Құра­­шова Өтесбайқызына алғысын жеткізді. 

М.Атымов атындағы орта мектеп оқушыларының сайыстан жүлдесіз оралуы сирек. Бірқатарына тоқталсақ, ауыл балаларына арналған «Ауыл олимпиадасының» облыстық кезеңінде орыс тілі пәні бойынша 10-сынып оқушысы Жанбота Мақсат 3-орын алып, қола медаль иегері атан­ған. Ал қазақ тілі  пәні бойынша 10-сынып оқушысы Дидар Биғали 3-орын, қола медаль иегері, физика пәнінен 9-сы­нып оқушысы Назипа Жолдас 4-орын дипломымен марапатталған. Сондай-ақ 2023-2024 оқу жылы бойынша ауыл балаларына арналған «Ауыл олимпиадасы­ның» республикалық кезеңі бойынша қа­зақ тілі пәнінен 1-орынды «Алтын алқа» иегері Нұрсәуле Жүсіп иеленіп, Халел Досмұхамедұлы атындағы педагогика­­­лық университетінің грантын ұтып алды. Осылайша, мектептің мақтанышы бол­ған Нұрсәуле биыл Ұлттық бірыңғай тес­тілеуден 137 балл жинап, облыс мақ­та­нышына айналды.

Терең білім беруді басты мақсат еткен М.Атымов атындағы орта мектептен ел болашағына білімді, білікті жастар дайындала береді деп сенеміз.

Маңғыстау облысы 

Бөлісу:
Үздік ауыл мектебі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар