Оқиға
2 мин оқу 92

Оралдағы оқыс жағдай

<p style="text-align: justify;">Құрбан айттың алғашқы күні Орал қаласындағы &laquo;Ел ырысы&raquo; базарында газ баллоны жарылып, 10 адам зардап шекті. Жарылыс құрбандыққа сойылған мал&shy;дың бас-сирағын үйту үшін пайдаланылған газ бал&shy;лонынан шыққан.</p>

Оралдағы оқыс жағдай

Оқыс оқиға туралы хабар жедел жәрдем операторына 16 маусым күні таңертеңгі сағат 09.49-да түскен екен. Дәрігерлерден құралған 5 бригада оқиға орнына 5 минуттың ішінде жетіп үлгерген.

«Зардап шеккендер – бар­лығы 10 адам, олардың 2-еуі – кәмелетке толмаған ер бала, ере­сек­тердің жас шамасы 27–67 ара­лығында» деп хабарла­ды Батыс Қазақстан облыс­тық денсаулық сақтау басқар­масының баспасөз қызметі.

Бір тәуліктен кейінгі жағдай мынадай: қазіргі уақытта 3 ересек адам реанимацияда, 4-еуі политравма бөлімшесінде және екі жасөспірім көпбейінді облыстық балалар ауруханасында қажетті ем алып жатыр. Жасөспірімнің біреуі – жансақтау бөлімінде, біреуі политравма бөлімшесінде екен.

Науқастардың халін денсау­лық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Өтешев, бас­шының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманова, ДСБ бас штаттан тыс травматологі Серік Қа­рекенов және қалалық көп­бейінді аурухана директоры Арман Мырзахметов арнайы барып көрді. Тиісті мамандардың қатысуымен консилиум өт­кізіл­ген. Сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының Апат­тар медицинасы орталығы реа­ниматологтерімен және ком­бустиологтерімен бірлесіп телемедицина жүргізілген. Қазір келісілген емдеу тактикасымен ем-шара жүргізіліп жатыр екен.

Батыс Қазақстан облысында кейінгі күндері күн райы өте ыстық, 40 градусқа жақындап тұр. Төтенше жағдайлар депар­таменті жоғары өрт қаупі қа­терін күн сайын хабарлайды. Үш күнге созылатын құрбан айт кезінде қауіпсіздікті сақтау туралы ҚМДБ-ның Батыс Қа­зақстан облысындағы өкіл имамы Самат Әлібаев та үндеу жа­сады. Қазір халық көп жинала­тын қоғамдық орындарда, құр­бан айтқа шалынып жатқан қасапханаларда қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Батыс Қазақстан облысы 

Бөлісу:
Оралдағы оқыс жағдай · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар