Жәдігер
1 мин оқу 730

Нәзір Төреқұлов – Қоқан қаласында

<p style="text-align: justify;">1918 жыл. Күз айы. Қоқан қа&shy;ла&shy;сы. Басына ақ сәлде, ұзын шапан кигендер &ndash; шаһар тұр&shy;ғын&shy;дары. Ылғи ер адам. Олар&shy;дан сәл жо&shy;ғарырақ төр&shy;де&shy;гілер (солдан оңға қарай са&shy;на&shy;ғанда): Хады Файзи, Шафик Шайдуллин, Нәзір Төреқұлов, Пу&shy;лат Салиев, Абдулла Мұс&shy;тақаев. Фотоның төменгі жағына &laquo;Қоқан қала&shy;сындағы Ха&shy;лық университетінің ашылу салтанаты&raquo; деп көрсетілген. Бұл тарихи фотосуретті Ақ&shy;төбе облыстық мемлекеттік архивінің қызметкерлері Уфа қаласындағы Ұлттық архивтен тапты.</p>

Нәзір Төреқұлов – Қоқан қаласында

Біртуар қайраткер, КСРО-да­ғы тұң­ғыш қазақ елшісі Нәзір Төре­құлов (1892–1937) Қоқанда дүниеге келген. Осы қалада жәдит мектебін аяқтаған. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін Орынборға келіп, «Еркін дала» ұйымының құрыл­тайын өткізіп, 1918 жылы сәуірде «Қа­зақ мұңы» газетін шығарған. Осы жылы жазда Қоқанға оралып, жұмыс­шы, диқан және солдат депутаттары ке­ңесіне қызметке тұрып, «Халық газетін» және «Инқилоб» журналын шығаруға атсалысты.

Оқу орнының ашылу рәсімін өткізген топтың арасында отырған қайраткер басына кең жиекті қалпақ киген. Жанында – жаңа саясаттағы серіктері. Жиын қала ортасындағы жәми мешіт жанында өткен сияқты. Адам­дардың артында кірпіштен өріл­ген мешіт не медресе ғимаратының есігі мен терезесі анық көрініп тұр.

Ақтөбе облысы

Бөлісу: