Қоғам
1 мин оқу 70

95 медициналық нысан пайдалануға берілді

<p style="text-align: justify;">Үкіметте &laquo;Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту&raquo; ұлттық жобасының жүзеге асу барысы талқыланды. Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңеске мүдделі орталық мемлекеттік орган өкілдерімен бірге, облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты.</p>

95 медициналық нысан пайдалануға берілді

Ұлттық жоба аясында жалпы саны 655 алғашқы медициналық-санитарлық көмек беру нысанын салу көзделген болатын. Былтырдан бері жүзеге асып келе жатқан бағдарлама аясында 95 нысан пайдалануға берілген. Жоба аясында атқарылып жатқан шаралар туралы денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев баяндады. Оның сөзінше, бүгінде 483 нысан бойынша жобалық-сметалық құжат дайын. 355-іне қатысты тиісті қаржы бөлінді.

«Қазірде өңірлерде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Соны­мен қатар біз қалған нысан­дарға қатысты жобалық құжат­тарды бекіту, авторлық, техника­лық бақылау бойынша келісім­шарт­тарды жасау үрдісін де бақылап отырмыз», деді Жандос Бүркітбаев.

Ұлттық жоба ауылдағы ағайын­ның медициналық көмекке қолже­тім­ділігін арттыруды көздей­ді. Оның азаматтар үшін маңызы аса жоғары екенін атап өткен вице-премьер бірқатар тапсырма берді.

«Құрылысы жүруге тиіс нысан­дардың қатары көп екенін ескерсек, бұл мәселе тұрақты әрі жан-жақты қадағалауды қажет етеді. Жұмыстардың сапасына баса мән берілуге тиіс. Жобаның халық үшін әлеуметтік маңызы зор, сәйкесінше артылар жауапкершілік те жоға­ры. Сол себепті барлық мүд­­делі мемлекеттік орган, облыс әкім­дігі жұмыла отырып, бақы­лауды күшейтуі қажет», деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Айта кетейік, жобаның жүзеге асу барысына қатысты есеп вице-премьер деңгейінде апта сайын қарастырылып отырмақ.

Бөлісу:
95 медициналық нысан пайдалануға берілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар