Қоғам
1 мин оқу 150
Мал ұрлағандар чип арқылы қолға түсті
<p style="text-align: justify;">Абай облысында ұрланған мал етін сатпақ болғандардың қылмысы әшкере болды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өңір полицейлері Қалбатау – Семей тасжолында Жарма ауданының тұрғындары ұрланған жылқы етін тасымалдамақ болғанын анықтады. Олардың заңсыз әрекеті малға орнатылған чип арқылы белгілі болды.
Малдағы цифрлық чиптеу тергеу аясында ет өнімдерінің иесін анықтауға септігін тигізді.
Ал ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар өңір тұрғындарына тиесілі 26 жылқыны ұрлады деген күдікке ілікті.
Бөлісу: