Мәдениет
2 мин оқу 180

Бауырлас ел ақындары елдікті жырлады

<p style="text-align: justify;">Боз даланың бозторғайы атанған Кенен Әзірбаевтың мұрасы мәңгілік екеніне күмән жоқ. Биыл Кенекеңнің туғанына 140 жыл толып отыр. Әйгілі халық ақыны, композитор, әнші Кенен Әзірбаевтың мерейтойына қатысты іс-шараның бастауы тұлға туған топырақ Қордай жерінен басталуы заңдылық секілді.</p>

Бауырлас ел ақындары елдікті жырлады

Жамбыл Жабаев, Балуан Шолақ се­кілді дәуір дара­боз­дарымен рухани байланыс орнатқан даңқты өнер иесі бүгінде қазақ-қырғыз хал­қына ортақ тұлғаға айналып отыр. Содан да болса ке­рек, Қордай топырағында өт­кен «Алатаудың бұлбұлы» атты халықаралық фестиваль­ға асық­қан Алатаудың арғы бе­­тін­дегі сүйегіне өнер қонған ­оғ­­лан­дар Тәңіртаудың бергі ­бе­ті­не асты, оларды қордай­лық­тар бауырға басты.

Иә, мерейтой аясында ұйым­­дастырылған іс-шараға айыр қалпақты ағайындардың ақын­­дары мен манасшылары арнайы ат басын бұрды. Кенен өнеріне бас иген олар осылайша ілтипат көрсетті. Өңірдің айтыскерлері мен жыршы-термешілері де Қордай төрі­нен табылып, аудандық мәдениет үйінде өткен іс-шараның көр­кін қыздырды.

о

«Қордайдың ғана емес, қа­зақ даласының мақтанышы­на айналған Кенен Әзірбаев­тың мерейтойына орай қол­ға алынған іс-шараға еліміздің ­әр қиырындағы таланттар ғана емес, бауырлас елдің ма­насшылары мен ақындары да ке­ліп жетті. Бұл – біз үшін ­үл­кен мәртебе. Осылайша, олар ақынның мұрасына құр­мет көрсетіп отыр. Осы­ның өзі-ақ даңқты дарын иесінің мұ­ра­сы ешқашан өлмей­тін­дігін ай­қындап тұр емес пе?» дейді аудан әкімі Бекзат Болатбеков.

Қоңырлатып ән салған қор­дайлық өнерпаздар қонақ­­тар­ды сән-салтанатымен күтіп ал­ған соң аудан басшысы көр­ші елден келген мәртебелі мей­ман­дарға деген құрметін көр­сетіп, арнайы сый-сияпат ұсын­ды. Уақытында талай ірі до­да­да атой салған Күміскүл Сәр­­сенбаева жырдан шашу шашып, екі ел арасындағы достық пен бауырмалдықты шұрайлы шумақтарына арқау етті.

Елдік пен бірлік, бауыр­мал­дық мәселелері, Кенен шы­ғар­машылығы әңгімеге ар­­қау болған іс-шара барысын­да қырғыздарды бастап келген Азиз Бимырзаұлы мен облыстық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағы­ның төрағасы Ахметжан Өзбеков екі елдің төл өнерін өркенде­ту­ге бағытталған меморандумға қол қойды.

Ұлттық өнердің өріне шы­ғып, төрінде қалған Кенен Әзір­баев мұрасы дәріптелген фес­тиваль барысында екі елдің өнер­паздары өнерлерін ортаға салды.

Айырқалпақты ағайындар тарапынан бірнеше еларалық айтыстың жеңімпазы Мам­бет­токто Мамбеторозо, манасшы Төлөбек Мұсаұлы, төкпе ақын Турат Жұмашев, термеші ­Бакыт Акматов сахнаға көтеріл­се, ­қа­зақ­тар жағынан «Жеті қа­зы­на» жобасының жүлдегері Ме­рей Абуева, күйші Дидар Басықараев, айтыскер ақындар Әсет Дүйсебаев пен Нұрлыбек Құрманов өнер көрсетті.

Екі елдің сөз ұстаған азаматтары бұл күні алқын-жұлқын айтысқа түсіп, қандай да бір бәй­­геге таласқан жоқ. Кенен мұ­­ра­сының тереңдігі мен ке­мел­­­дігі, өміршеңдігі тура­лы те­рең­­нен толғанды. Ел­дік пен бір­лік­ті, бауырлас елдер­дің тату­­лығын шұрайлы шумақ­та­­ры­на сыйғызып, пендешілік атау­­­лы­ға парасат биігінен қа­рады.

Кейіннен жамбылдық ай­тыскерлер мен қырғыз елінен келген өнерпаздар шағын футболдан жолдастық кездесу өткізіп, ащы терін шығар­ды. Мұнда да достық жеңді. Әйтсе де, қонақ сыйлап үйрен­ген жамбылдық оғландар футбол­ға тігілген жүл­дені қонақ­тар­ға тарту етіп, кісі­лік көрсетті.

Жамбыл облысы,

Қордай ауданы

Бөлісу:
Бауырлас ел ақындары елдікті жырлады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар