Қоғам
1 мин оқу 102

Мүдде бірлігі

<p style="text-align: justify;">Карл Маркс пен Фридрих Энгельстің партия манифесінде айтқан &laquo;Барлық елдің пролетарлары, бірігіңдер!&raquo; деген сөзі коммунистердің ең танымал ұранына айналды. Бірақ олардың бір адым ілгері, екі адым кейін жүрісі бұл ойды іске асырған жоқ. Себебі қоғамның бірігу нүктесі өтірік еді.</p>

Мүдде бірлігі

Данышпан Лев Толстой идеялары ішінде «болмыс бір­лігі» алдыңғы сапта тұ­рады. Ойшылдың «Жалпыадам­заттық ортақ рух» тұжырымдамасы кемел­денудің кілті болып саналады. Жа­қында жазушының көп­том­дығының бірінен қо­ғамдық сананың тұтастығы хақында жазылған толғамына көзім түсті. Оқып отырып өтірікке құрылған кез келген басқару жүйесінің «құм үстіне салынған құбылмалы сарай» ғана екеніне көзім жете берді. Әрі қарай арыс­тан ақ­сақалдың өзі сөйлесін:

«Адамдар ақиқатта ғана біріге алады. Ол үшін бір-бі­ріне қарама-қарсы жүрудің қажеті жоқ. Керісінше, бар­лығы ақиқатқа қарай жүруі керек. Тек сонда ғана олар біртұтас болмысқа айналады. Адам­дар жарасайын деп жарас­пайды, жолдары бір бол­ғаннан кейін жарасады.

Үлкен храм бар деп елес­тетейік. Оның жарығы жо­ғарыдан бір нүктеге ғана түседі. Құлшылық қылушылар бастарын қосу үшін бір-біріне емес, әлгі ортадағы сәулеге ұм­тылса жеткілікті. Сонда ғана олар өзара жұмылады».

Ал біздің сәулеміз не деп аталады?

Оны біз көріп тұрмыз ба?

Бақытқа қарай бастайтын бағытымыз бар ма қазір?

Қазіргі қазақ қоғамының ма­ңызды мәселесінің бірі осы. Мүдде бірлігі қалыптаспай, мем­ле­кеттік тұтастық мүмкін емес. Ал оны рухани бірлікке ұмтыл­ған жандар ғана жасай алады.

Бөлісу:
Мүдде бірлігі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар