Спорт
2 мин оқу 120

Футбол: Дерек пен дәйек

<p style="text-align: justify;"><em>Еуропа чемпионатының тұсаукесер бәсекелері бұған дейін мынадай есептермен аяқталған еді: 1960 жыл: Франция &ndash; Югославия 4:5, 1964 жыл: Испания - Мажарстан 2:1 (қосымша уақыт), 1964 жыл: Италия &ndash; КСРО 0:0, 1972 жыл: Бельгия &ndash; ГФР 1:2, 1976 жыл: Чехословакия &ndash; Нидерланд 3:1 (қосымша уақыт) пен Югославия &ndash; ГФР 2:4 (қосымша уақыт), 1980 жыл: Чехословакия &ndash; ГФР 0:1, 1984 жыл: Франция &ndash; Дания 1:0, 1988 жыл: ФРГ &ndash; Италия 1:1, 1992 жыл: Швеция &ndash; Франция 1:1, 1996 жыл: Англия &ndash; Швейцария 1:1, 2000 жыл: Бельгия &ndash; Швеция 2:1, 2004 жыл: Португалия &ndash; Грекия 1:2, 2008 жыл: Швейцария &ndash; Чехия 0:1, 2012 жыл: Польша &ndash; Грекия 1:1. 2016 жыл: Франция &ndash; Румыния 2:1 және 2020 жыл: Түркия &ndash; Италия 0:3.</em></p>

Футбол: Дерек пен дәйек
  • «Еуро-2024» турнирінің тұсаукесер кездесуінде Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Тони Кросс әріптестеріне 102 рет пас берді. Соның 101-і оларға дәл жетті. Бұл – 99 пайыздық көрсеткіш! Сөйтіп, 1980 жылдан бергі кезеңді есепке алсақ, сол уақыттан бері өтіп жатқан қарт құрлықтың басты доп додасының жаңа рекордтық көрсеткіші тіркелді.
  • Аталған жарыста өнер көрсететін ең жас футболшылардың тізімін Ламин Ямаль бастап тұр. Испанияның ұлттық құрамасы мен «Барселонаның» вингері 13 шілдеде 17 жасқа толады. Содан кейінгі орындарда – Лео Зауер (Словакия, «Фейноорд») мен Варрен Заир-Эмерри (Франция, ПСЖ). Олардың екеуі де 17 жастағы жас жұлдыздар.
  • Германияда өтіп жатқан турнирдегі ардагер ойыншылардың алдыңғы легінде Пепе тұр. Португалия құрамасы мен «Порту» клубы қорғаушысының жасы 41-де. Ол 1983 жылдың 26 ақпанында туды. Дәл сол мемлекеттің мақтанышы әрі әлемдік футболдың шоқ жұлдызы Криштиану Роналду мен Хорватияның марқасқасы Лука Модрич 1985 жылдың тумалары. Роналду 5 ақпанда, Модрич 9 қыркүйекте дүниеге келді. 39 жасқа келсе де, жасыл алаңда жасындай жарқылдап жүрген осындай ойыншылардың өнеріне тамсанбау мүмкін емес.
  • Англияның футбол федерациясы отандастары «Еуро-2024» жарысының жеңімпазы атанған жағдайда командаға 11,3 миллион еуро көлемінде бонус беретінін жария етті. Ал ұлттық құраманың бас бапкері Гарет Саутгейттің есепшотына бірден 4,7 миллион еуро аударылады. 
Бөлісу:
Футбол: Дерек пен дәйек · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар