Қоғам
1 мин оқу 160

Қоймаларда жиналған су 100 пайызға жуықтады

<p style="text-align: justify;">Еліміз бойынша су қоймаларына жиналған су 100 пайызға жуықтады, нысандар штаттық кестеге сәйкес жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Су ресурстары және ирригация министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Қоймаларда жиналған су 100 пайызға жуықтады

Батыс Қазақстан облысындағы төрт ірі су қоймасы 91%-ға толды.

Ақмола облысындағы екі ірі су қоймасы 97,4%-ға толып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 99,6%-ға толған.

Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 88,5%.

Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 92,6%.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 91%-ға толған.

Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасы 99%-ға толды.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 88,6%.

Еске салайық, су қоймаларына жиналған су ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.

Бөлісу: