Елорда
1 мин оқу 145

Астанада есірткіге қарсы акция ұйымдастырылады

<p class="selectable-text copyable-text x15bjb6t x1n2onr6" dir="ltr" style="text-align: justify;"><span class="selectable-text copyable-text">26 маусым - Халықаралық есірткі заттарын пайдаланумен және олардың заңсыз айналымымен күрес күні. Осы күнге орай Астанада &laquo;Астана &ndash; есірткісіз қала!&raquo; ауқымды акциясы өтеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</span></p>

Астанада есірткіге қарсы акция ұйымдастырылады

Аталған акция 22 маусымда «Хан Шатыр» СОО-да сағат 13:00-ден 16:00-ге дейін, сондай-ақ Есіл жағалауындағы амфитеатрда сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Оған отандық эстрада мен спорт жұлдыздары, спорттық, вокалдық және би ұжымдары қатысады.

Іс-шараны Астана полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырады.

Акцияға қатысушыларға Кинологиялық орталықтың қызметтік-іздестіру иттерімен кинологтардың жұмысы көрсетіледі.

Сондай-ақ акцияның барлық белсенді қатысушылары үшін викториналар, спорттық жарыстар, сыйлықтар ұйымдастырылады.

Іс-шара шеңберінде елорда аумағында нашақорлыққа қарсы іс-қимылға қосқан үлесі үшін ҮЕҰ өкілдері мен еріктілер медальдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталады.

Іс-шара елорда әкімдігінің, психикалық денсаулық орталығының, АИВ-инфекцияларының алдын алу орталығының, «Ренессанс» оңалту орталығының және басқа да үкіметтік емес ұйымдардың белсенді қатысуымен өткізіледі.

Бөлісу:
Астанада есірткіге қарсы акция ұйымдастырылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар