Байқау
1 мин оқу 131

Бұл байқаудың жөні бөлек

<p style="text-align: justify;">Жастарға арналған &laquo;Jas kenes syіlygy&raquo; байқауымен өтініш қабылдау басталды. Бұл туралы Прези&shy;дент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес хабарлады. Байқау күнделікті жұмысы көп&shy;ші&shy;лік көзіне іліне бермейтін қоғамның маңызды салаларында жұмыс істейтін жас мамандарға арналған.</p>

Бұл байқаудың жөні бөлек

Байқауда құтқарушы­лар, полицейлер, өрт сөндірушілер, акушерлер, жедел жәрдем қыз­мет­керлері және тау-кен өндірісі ма­мандары бақ сынай алады. Жеңім­паздар «Жанқиярлық», «Алтын жү­рек», «Өнеркәсіп», «Болашақ туралы қам­қорлық», «Адамгершілік», «Көмек қолы», «Біздің үй» аталымы аясында анықталады.

– «Jas Kenes Syilygy» – бұл тәуелсіз сыйлық. Жобаның бас­қа байқаулардан айырмашы­лы­ғы – бас­шылар мен топ-ме­нед­­жерлер қатыса алмайды. Жо­ба­­ның мақ­сат­ты – аудиториясы тек 35 жасқа дейін­гі мамандар. Сыйлық қоғам үшін маңызды экономикалық сала­ларда жұ­мыс істейтін жас отандас­тарымызды кө­термелеу, қолдау,  ынталандыру мақсатында бе­рі­леді. Байқаудың жүлде қоры – 14 млн теңге. Әр жеңімпазға 1 млн теңгеден бөлінеді, – дейді Пре­зи­дент жанындағы Жастар сая­саты жө­­ніндегі кеңестің ­мү­шесі Әділ Құсманов.

Жоба Мәдениет және ақпарат ми­нистрлігінің қолдауы­мен жүзе­ге асы­рылып жатыр. Ол үшін ірік­теу үш кезең­нен тұрады. Алғашқы сатыда өтінімдер қабылданып, жіті тексеріледі. Екінші кезең­де кандидаттардың түйін­деме­лері мен мотивациялық эсселері сараланады. Кейін сыйлық­тың құрыл­тайшылары­мен сұхбат болады. Нәти­же­сінде, әр аталым бойынша екі жеңім­паз таңдалады.

Жастар саясаты жөніндегі ке­ңес­тің бас­тамасымен құрылған тәуел­сіз жастар сыйлығында бақ сы­нау үшін әр отандасымыз өті­нім­де­рін 21 шілдеге дейін Jaskenes.kz/application сайтында қалдыра алады. 

Бөлісу:
Бұл байқаудың жөні бөлек · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар