Қоғам
1 мин оқу 274

Елімізде электронды темекіге тыйым салынды

<p style="text-align: justify;">Бүгіннен бастап электронды темекі айналымына кешенді шектеулер енгізетін &laquo;Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы&raquo; жаңартылған заң күшіне енді. Енді Қазақстанда вейптерді, сондай-ақ оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сатуға, әкелуге және өндіруге тыйым салынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Елімізде электронды темекіге тыйым салынды

Рұқсат етілген орындарда темекі шегу үшін тікелей жаза қарастырылмаған, алайда рұқсат етілмеген жерлерде пайдалану 3 АЕК-ке дейін айыппұл салуға әкелуі мүмкін, бұл 2024 жылы 11 076 теңгені құрайды. Тыйым салынған өнімді сатуға тырысқандар 200 АЕК-ке дейін айыппұл арқалайды (738 400 теңге) немесе 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынады.

Вейптерді әкелу және өндіру ережелерін бұзғаны үшін заң одан да қатаң шараларды көздейді: айыппұл екі мың АЕК-ке (7,3 миллион теңге) дейін жетуі мүмкін, ал осы саладағы жүйелі бұзушылықтар немесе қылмыстық әрекеттер үшін айыппұл бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру мүмкіндігімен бес мың АЕК-ке (18,4 миллион теңге) дейін ұлғаяды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда вейптерді әкелуге және таратуға тыйым 2024 жылдың қаңтарында енгізілген болатын.

Бөлісу:
Елімізде электронды темекіге тыйым салынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар