Аймақтар
1 мин оқу 100
Алматыда жер сілкінді
<p style="text-align: justify;">Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін, 20 маусым, сағат 16:36 шамасында Алматыда жер сілкінгенін хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«СБжЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.
«Жер сілкінісінің координаттары: 40,227º N 77,569º шығыс. Жер сілкінісінің ошағы Алматының оңтүстігіндегі Қытай мен Қырғызстан аумағында 335 шақырым жерде орналасқан. Қарқындылық (баллда): Алматы - 2,0 балл», делінген ТЖМ хабарламасында.
Министрлік зардап шеккендер мен қирағандар туралы ақпарат түспегенін мәлімдеді.
Бөлісу: