Оқиға
1 мин оқу 142

Алматыда мейрамхана өртенді

<p style="text-align: justify;">Бүгін Алматы қаласындағы мейрамханалардың бірінде өрт шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Алматыда мейрамхана өртенді

Қалалық ТЖД мәліметінше, 21 маусым күні таңертең Бөгенбай батыр көшесі, 128-үйде орналасқан мейрамхана барында өрт шыққан. Оқиға орнына дереу 16 бірлік техника мен 48 өрт сөндіру қызметкері жөнелтілді.

Мейрамхананың жертөлесінде 30 шаршы метр аумақта инвентарь жанып кеткен. 27 адам ғимараттан өз бетінше шығып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнында тергеушілер мен Төтенше жағдайлар департаментінің өртке қарсы ғылыми-зерттеу зертханасының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті

Бөлісу:
Алматыда мейрамхана өртенді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар