Бокс
1 мин оқу 130

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы жаттығу жиынын бастады

<p style="text-align: justify;">Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Париж Олимпиадасына дайындық жүргізу мақсатында кезекті жаттығу жиынын бастады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz&nbsp;</a>&nbsp;Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.</p>

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы жаттығу жиынын бастады

Ұлттық  құрама спортшылары Алматы облысындағы Жанашыр ауылында жаттығып жатыр. 

Бапкер Елдос Сайдалин бастаған бұрымды боксшылар құрамасы мұнда 2 шілдеге дейін физикалық бабын шыңдайды. 

Олимпиада қарсаңындағы соңғы жиын да дәл осы базада ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр. 

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер командасынан Париж Олимпидасында: Назым Қызайбай (50 келі), Карина Ибригаимова (57 келі) және Валентина Хальзова (75 келі) бақ сынайды.

Бөлісу:
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы жаттығу жиынын бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар