Спорт
2 мин оқу 70

Жарыс күнделігі

<p style="text-align: justify;">Футзалдан Қазақстан ұлттық құра&shy;масының капитаны, әйгілі қақпашы Игита Алматының &laquo;Қайратымен&raquo; қош айтысып, келесі маусымды &laquo;Семейдің&raquo; сапында өткізетін болды. Сондай-ақ &laquo;Феррао&raquo; деген бүркеншік есімімен танылған Карлос Вагнер Гуларте Фильо да қазіргі кезде Абай облысында жасақталған командамен келіссөз жүргізіп жатыр. Соңғы 10 жылын &laquo;Барселонада&raquo; өткізген Бразилияның атақты футзалшысы 2019, 2020, 2021 жылдары қатарынан үш рет төрткүл дүниенің теңдессіз ойыншысы деп танылды.</p>

Жарыс күнделігі
  • Fight Matrix интернет порталы UFC-де күш сынасып жүрген аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаевты (20-2-0) аса жеңіл салмақтағы ТОП-15 спортшының қатарына қосты. Бұл тізімде бразилиялық Александр Пантожа (28+5+0) көш бастап тұрса, екінші және үшінші орындарды америкалық Брэндон Ройвел (16-7-0) мен мексикалық Брендон Морено (21-8-2) иеленген.
  • Италияның астанасы – Римде шымыл­дығы түрілген Париж Олимпиадасының іріктеу турнирінде Диана Тасжанова, Ксения Игнатова, Софья Сподаренко және Әділбек Мусин сынды жүзушілер өнер көрсетеді.
  • Таиландтың Район аймағында байдарка мен каноэде есуден жастар мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасы 30 жүлде олжалады. Ол медальдардың 11-і алтын, 7-еуі күміс және 12-сі қола.
  • Халықаралық конькишілер одағы (ISU) шорт-тректен келесі маусымның жарыс­тар кестесін жариялады. Жасөспірімдер ара­сын­дағы әлем кубогінің алғашқы екі кезеңі Алматыда өтеді. Алғашқы жарыстың тұсауы 7 қарашада кесілсе, екіншісі 13-15 қараша аралығында ұйымдастырылады.
  • Бұл күндері дзюдодан Қазақстанның әйелдер құрамасы Хорватияда оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Сол жақта Әбиба Әбу­жа­қынова (48 кг), Ғалия Тынбаева (48 кг), Есмиг­үл Куюлова (63 кг), Кәмила Берліқаш (+78 кг) және Назгүл Маратова (+78 кг) тер төгуде.
  • Мальтада су добынан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі басталды. Аталған жарыста Әділ Темірханов пен Мәди­хан Махметов жетекшілік ететін отандық ватерполшыларымыз да өнер көрсетуде.
  • Танымал көркем гимнасшысы Елжана Таниева Италияның Миланында өтіп жатқан әлем кубогінің соңғы кезеңдік сайысында бақ сынауда. Қазақ қызы бұл жарысты Олимпия ойындарына даярлық ретінде қарастыруда. 
Бөлісу:
Жарыс күнделігі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар