Жаңалықтар
1 мин оқу 260

Павлодарда кардиохирургтер 10 баланың жүрегіне ота жасады

26.04.2015 xirurgПАВЛОДАР. 26 сәуір. Облыс орталығындағы кардиохирургия орталығында түркиялық кардиохирургтер шеберлік сыныптарын өткізді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Орталық дәрігерлері «эндоскулятивті» аталатын әдіспен 3 адамның жүрегіне ота жасады. Енді жергілікті дәрігерлер «Аз инвазивті»  аталатын оталардың көмегімен балалардың жүрек ақаулары ерте кезеңде емдей алады. Қытайдан операцияға қажетті материалдар сатып алынып 10 баланың жүрегіне ота жасалды. Бас дәрігер Ораз Мұқашевтың айтуынша, қазір кардиоорталықта балалар жүрек аурулары хирургиясына баса назар аударылған. Алдағы маусым айында жапондық балалар кардиохирургтері келіп, орталықта шеберлік сыныптарын өткізеді. Фарида Бықай. Дерек, сурет: egemen.kz
Бөлісу:
Павлодарда кардиохирургтер 10 баланың жүрегіне ота жасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар