Денсаулық
1 мин оқу 593

Мамандар аптап ыстықта қандай жеміс жеу керек екенін айтты

<p>Аптап ыстықта құрамында калий көп жемістер жеу керек. Себебі ыстық кезде ағзада калий жетіспеушілігі туындайды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мамандар аптап ыстықта қандай жеміс жеу керек екенін айтты

Бұл туралы Мемлекеттік ауыл шаруашылық өнімдері, шикізат және азық-түлік инспекциясының мәскеулік басқармасының басшысы Нина Зайцева айтты.

- Жазда күн қатты ысығанда адам көп терлеп, салдарынан калий жетіспеушілігі туындауы мүмкін. Пайдалы заттар жетіспеушілігін қалпына келтіру үшін, мамандар құрамында калий көп балғын жеміс-жидекті жеуге кеңес береді, - дейді Зайцева.

Сонымен қатар маман шабдалы, сары өрік, қарақат, банан мен ананастың құрамында калий көп екенін айтты.

- Дәрумендер кешенін, сондай-ақ денсаулыққа пайдалы микро және макроэлементтерді алу үшін, олардан жеміс салатын жасауға болады, - дейді маман.

Бөлісу:
Мамандар аптап ыстықта қандай жеміс жеу керек екенін айтты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар