Үкімет
1 мин оқу 171

Үкімет ұлттық инфрақұрылым жоспарын әзірледі 

<p style="text-align: justify;">Премьер-министрдің орынбасары &ndash; ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкімет 200-ден астам жобаны қамтитын ұлттық инфрақұрылым жоспарын әзірлегенін мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Үкімет ұлттық инфрақұрылым жоспарын әзірледі 

«Жұмыс 2029 жылға дейін жалғасады. Сол аралықта осы 200-ден астам жобаға 40 трлн теңгеден астам инвестиция жұмсалады», деді вице-премьер.

17 жоба іске асырылып жатыр. Ол – энергетика, көлік, логистика, су шаруашылығы және цифрлық инфрақұрылым саласындағы жобалар. Биылдың өзінде 770 млрд теңгеге жуық инвестициялар осы жобаларға бағытталады.
 
Елімізде темір жол құрылысы жобалары жалғасып жатыр. Былтыр «Достық – Мойынты» жолы басталды, Алматыны айналып өту жобасы қолға алынды. Сонымен қатар биыл жаңадан «Мақтаарал – Дарбаза», «Аягөз – Бақты» темір жолдары салынады. Бұл жобаның іске асырылуы еліміздің көлік-транзит әлеуетін арттыруға бағытталады.

Бөлісу:
Үкімет ұлттық инфрақұрылым жоспарын әзірледі  · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар