Ауа райы
1 мин оқу 270
Қазақстанда 46 градусқа дейін ыстық болады
<p style="text-align: justify;">Синоптиктер Қазақстанда 25, 26, 27 маусымда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ауа райы болжамына сәйкес, жақын күндері Иран аймақтарынан Қазақстан аумағына жылы ауа массалары кіре бастайды. 25-26 маусымда еліміздің батыс және солтүстік облыстарында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр күтілетініне қарамастан, 27 маусымға қарай аптап ыстық республиканың солтүстігіне де жетеді.
«Қазақстанның солтүстігінде күндізгі температура +35...+38 градусқа дейін, оңтүстігінде өте қатты ыстық +40...+46 градусқа дейін көтеріледі», деп болжады синоптиктер.
Бөлісу: