БҚО-да полиция қызметкері өзін атып жіберген
<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстанда табельдік қарудан оқ жарақатын алған полицей жансақтау бөліміне жеткізілді. Алдын ала ақпарат бойынша, полицей байқаусызда өзін атып <a href="https://mgorod.kz/news/policejskij-poluchil-ognestrelnoe-ranenie-v-zdanii-departament-policii-zko">жіберген</a>. Оқиға аймақтық полиция департаментінің ғимаратында болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

БҚО ПД баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қазіргі уақытта полиция қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», делінген ақпаратта.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 103 пультіне оқ жарақаты туралы ақпарат таңғы сағат 07:41-де түскен.
«Жедел жәрдем бригадасы 2003 жылы туған ер адамды шұғыл түрде отаға жатқызды, қазір оның жағдайы өте ауыр», деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасы.