Қоғам
1 мин оқу 240

Қазақстанда «ең бай зейнеткер» қанша алатыны айтылды

<p style="text-align: justify;">Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтары туралы жаңарған ақпаратты ұсынды. Оған қоса ай сайынғы төлемнің шекті сомасы белгілі болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстанда «ең бай зейнеткер» қанша алатыны айтылды

БЖЗҚ мәліметінше, 1 маусымдағы жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке және шартты шоттарында 19,2 триллион теңге жиналып, 5 айда 1,4 триллион теңгеге (немесе 7,7 пайызға) ұлғайған. Зейнетақы жинақтарының жылдық өсімі 3,4 триллион теңгеден асты (21,5 пайыз).

Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты БЖЗҚ-дан төленетін орташа айлық төлем 33 921 теңгені құрайды. Ал «ең бай зейнеткер» ай сайын 945 752 теңге алады.

Бөлісу:
Қазақстанда «ең бай зейнеткер» қанша алатыны айтылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар