Оқиға
1 мин оқу 140
Алматыда саябақтағы аттракционнан қыз құлап, қайтыс болды
<p style="text-align: justify;">Алматыда орталық саябақтағы айналмалы шеңберден қыз құлап, қайтыс болды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қайғылы оқиға бүгін болды. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап жатыр.
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қыз жедел-жәрдем көлігі келгенге дейін көз жұмғанын хабарлады.
Ал қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
«Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жағдайдың себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», делінген Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бөлісу: