Жыл бойы жалғасатын акция

<p style="text-align: justify;">Кезекті &laquo;Таза бейсенбі&raquo; акциясын Шемонаиха ауданының Выдриха аулының тұрғындары жалғастырды. Тазалық акциясына 50-ге жуық адам қатысып, &laquo;Үбі&raquo; шипажайының аумағын қоқыстан тазартты.</p>

Жыл бойы жалғасатын акция

«Таза бейсенбі» акциясына қатысушылар «Үбі» шипа­жайының маңындағы «Денсаулық жолы» атты демалыс алаңын ағаш қалдықтары мен қоқыстан тазартты.

«Біз «Таза бейсенбі» эко­логиялық акциясы аясында Выхдриха аулының «Үбі» ши­пажайы айналасына абаттандыру, тазалау жұмыстарын жүр­гіздік. «Денсаулық жолы» аума­ғын тазарту жұмыстары акция аяқталғаннан кейін де жалғасын табатын болады. Болашақ ұрпаққа айтарымыз, жерімізді таза ұстап, елімізді көр­кейту солардың қолында еке­нін ұмытпаса екен», дейді «Үбі» ши­пажайының директоры Айжан Мұ­хамадиева.

Шемонаиха аудандық мәс­лихатының депутаты Инна Заха­рованың айтуынша, «Amanat» партиясының қолдауымен бастау алған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы түгел жұрттың басын қосып, тазалық жолында жұ­ды­рықтай жұмылдырған. Осылай олардың әрқайсысы табиғаттың тазалығына үлкен үлес қосып келеді.

Айналдырған үш-төрт сағат ішінде шипажайдың ау­ма­ғы тап-тұйнақтай болды. Бұл акцияның ұтымды тұ­сы, жас та, кәрі де ай­на­­ланы лас­тамауға, қоқыс тас­та­мауға дағды­ла­нады.

Шығыс Қазақстан облысы,

Шемонаиха ауданы

Бөлісу: