Табиғат сақшыларына арналған сыйлық

<p style="text-align: justify;">Биыл Маңғыстау облысында респуб&shy;ликалық &laquo;Таза Қазақстан&raquo; экологиялық акция&shy;сы аясында 25 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды, сондай-ақ Ақтау қаласы маңындағы &laquo;Өндірістік аймақта&raquo; 35 гектар қоқыс үйіндісі тазаланады. Акцияға атсалыспаған ұжым жоқ, қаншама күш-қуат жұмылдырылды, алайда араға апта салмай жатып тазаланған жерге тасталған қоқысты көргенде көңілің құлазып сала береді...</p>

Табиғат сақшыларына арналған сыйлық

Мысалы, аталған акция аясында «Отпан­тау» тарихи-мәдени кешеніндегі тазалық жұмыстарына «Таным» табиғи ресурс­тар басқармасының ұйымдастыруымен «Жа­сыл ел» жасағы араласып, жастар тазалық жұмыс­ына белсене кірісті.

«Тазалық жұмысы қарқынды жүріп жа­тыр. Алғашқы аялдама — «Өндірістік аймақ-3». Тазалық жұмысы екі санатта жүр­­гізіледі. Біріншісі, арнайы техника­ның күші­мен және арнайы коммуналдық қыз­мет­кер­лердің қолдауымен жүзеге асырылады. Бұл жұмыстарға 13 арнайы техника мен 10 қызметкер жұмылдырылып, орта есеппен, 25 мың тонна қоқыс шығарылды. «Өндірістік аймақ – 3», «Авто бипэк» маңында және «Өндірістік аймақ - 3,23», «Үлкен Оймаша», «ПК Урожай» маңында заңсыз тасталған қоқыс үйінділерін тазалау жұмыстары жүр­гізілді», дейді Ақтау қалалық ТКШ бөлі­мінің басшысы Жанболат Жақыпов.

Жұмыс жүріп жатыр, алайда тазалық­тың сақталуы қиындық туғызып тұрғанын жасырып қажеті жоқ. Бұл тұрғындардың, қонақтардың, туристердің, жалпы демалу­шы­лардың жеке мәдениетіне қатысты жағ­дай. Ал Маңғыстау облысы аталған акция аясында алғаш рет қоршаған ортаны қор­ғау­ға өз үлесін қосушылар арасында «Таным» сыйлығын тағайындады.

Маңғыстау облысы

Бөлісу: