Білім
1 мин оқу 141

Ауыл мектебінің ізденісі

<p style="text-align: justify;">Бұл жоба &laquo;Назарбаев зияткерлік мек&shy;тептері&raquo; дербес білім беру ұйымы &laquo;ESEN Foundation&raquo;, &laquo;BAQ&raquo; және &laquo;ANSA&raquo; қорлары консорциумымен және &laquo;Amanat&raquo; партия&shy;сының қолдауымен Ақмола облы&shy;сының Цели&shy;ноград ауданындағы ауыл мек&shy;теп&shy;те&shy;рінде жүзеге асып отыр.</p>

Ауыл мектебінің ізденісі

Жоғарыда аталған дербес білім беру ұйы­мы­ның басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин өз сөзінде Назарбаев зияткерлік мектептері әрқашан өз тәжіри­бесін бөлісуге дайын екенін айта келіп: «Біздің назарымыз, әсіресе ауыл мектептеріне түсті. Сондықтан балалардың сапалы білім алуы үшін отандық мек­тептердің ішкі әлеуетін бірле­сіп дамытып жатқанымызға қуаныш­тымыз», деді ол.

Целиноград ауданының Қа­ра­­өткел ауылын­дағы мектеп база­­сында 30 ауылдық білім оша­­ғының директоры мен орын­басары стратегиялық жос­пар­лау әдістерінің технологиясымен танысып, мектепті дамыту бағдарламасын әзірлеуді үйренді. Сондай-ақ мектеп бойынша деректер негізінде ше­шім қабылдау және қабылданған бас­қарушылық шешімдердің тиім­ділігін бағалау дағдыларын пысықтады.

Жоба аясында Назарбаев зият­керлік мек­тептері ұйымының Педагогикалық шеберлік орта­лығы Целиноград ауданының мек­тептерінде педагогтердің кәсіби қажеттіліктеріне зерттеу жүр­гізіп, сабақтарды бақылау және жаңа оқу жылында 30 ауыл мектебінің басшылары мен мұға­лімдеріне арналған бірнеше біліктілікті арттыру курсын, семинар мен шеберлік сағатын ұйымдастырады.

– Назарбаев зияткерлік мек­тептерімен бір­лескен жобаның нәтижесі бірнеше ауылдық перс­пективті білім ордалары базасында құрылатын педагогикалық академия болмақ. Оның жұмысы ұстаздардың тұрақты кәсіби дамуына бағыт­та­лады. Ол үшін біз Педагогикалық шеберлік орта­лығымен бірге тренерлерді даярлаймыз, – дейді «ESEN Foundation» қорының өкілі Камила Башарова.

Бөлісу:
Ауыл мектебінің ізденісі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар